Кәсіпорынның атауы: «Арай» балабақшасы Жеке Кәсіпкер.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29а ш/а, 30/1
Жобалық куаты: 50бала (2016ж), 2 топ
61 бала (2023ж) 3 топ
125 бала (2023ж желтоқсан) 4 топ
Нақты бала саны: 89 бала қазіргі таңда
Балабақшада 7 топ қазақ тілінде оқыту жоспарлануда.
Заңды тұлғаның байланыс деректері: +7 701 400 10 12, 8 702 069 45 04
е-mail: ip_arai@mail.ru;
Заңды тұлға өкілінің деректері: «Арай» балабақшасының директоры:
Уразбекова Раушан Таумановна, білімі жоғары, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру» 2019 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі 8 жыл, педагогикалық өтілі 5 жыл, осы мекемеде 8 жыл.
Жарғысы: 07.12.2016ж №1 Бұйрық негізінде басшы лауазымын атқаруда.
Рұқсат беру құжаттары: Қызметті жүзеге асыруды басталғаны туралы хабарлама: 2016 жылдың 07 желтоқсан күні №KZ57RVK00012551 берілген.
1-6 жас аралығы балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін және сөйлеуін дамытуға қолайлы кезең. "Арай" балабақшасының жұмысындағы басым бағыт: "Қазіргі балабақшадағы балаларды еркін дамыту"
2023-2024 оқу жылына арналған жылдық мақсаттар:
- Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды үнемі спортпен шұғылдану және балалардың аурушаңдығын төмендету бойынша дене шынықтыру-қалпына келтіру жұмысының жүйесін жетілдіру.
- Балалардың сөйлеу танымдық іс-әрекетінде дербестігін көрсету, олардың мүдделерін анықтау және қолдау, барлық іс-әрекеттерде балалардың сөйлеу қабілеттерін белсендіруге жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
- Балалардың шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін қолдана отырып, қозғалыс белсенділігіне деген қажеттілігін қалыптастыру.
- Балаларды сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ата-аналардың қызығушылығы мен белсенді көмегі.
- Диалог түрінде сөйлеуді жетілдіру: ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас, әңгімеге белсенді қатысу, тыңдау, жауап беру, сұрақтар қою.

