Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 29А шағын ауданы. 30/1 
8 701 400 10 12
8 (7292) 40-10-17
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Жеке кәсіпкер «Арай» жекеменшік балабақша «Арай»

Кәсіпорынның атауы: «Арай» балабақшасы Жеке Кәсіпкер.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 29а ш/а, 30/1

Жобалық куаты: 50бала (2016ж), 2 топ

                            61 бала (2023ж) 3 топ

                            125 бала (2023ж желтоқсан) 4 топ

Нақты бала саны: 89 бала қазіргі таңда

Балабақшада 7 топ қазақ тілінде оқыту жоспарлануда.

Заңды тұлғаның байланыс деректері: +7 701 400 10 12, 8 702 069 45 04

е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.; 

Заңды тұлға өкілінің деректері: «Арай» балабақшасының директоры: 

Уразбекова Раушан Таумановна, білімі жоғары, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, «Мектепке дейінгі тәрбие  мен білім беру» 2019 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі 8 жыл, педагогикалық өтілі 5 жыл, осы мекемеде 8 жыл. 

Жарғысы: 07.12.2016ж №1 Бұйрық негізінде басшы лауазымын атқаруда.

Рұқсат беру құжаттары: Қызметті жүзеге асыруды басталғаны  туралы  хабарлама: 2016 жылдың 07 желтоқсан күні  №KZ57RVK00012551 берілген.

1-6 жас аралығы балалардың есте сақтау қабілетін, зейінін және сөйлеуін дамытуға қолайлы кезең. "Арай" балабақшасының жұмысындағы басым бағыт: "Қазіргі балабақшадағы балаларды еркін дамыту"

2023-2024 оқу жылына арналған жылдық мақсаттар:

  1. Салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды үнемі спортпен шұғылдану және балалардың аурушаңдығын төмендету бойынша дене шынықтыру-қалпына келтіру жұмысының жүйесін жетілдіру.
  2. Балалардың сөйлеу танымдық іс-әрекетінде дербестігін көрсету, олардың мүдделерін анықтау және қолдау, барлық іс-әрекеттерде балалардың сөйлеу қабілеттерін белсендіруге жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже:

  1. Балалардың шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін қолдана отырып, қозғалыс белсенділігіне деген қажеттілігін қалыптастыру.
  2. Балаларды сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға ата-аналардың қызығушылығы мен белсенді көмегі.
  3. Диалог түрінде сөйлеуді жетілдіру: ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас, әңгімеге белсенді қатысу, тыңдау, жауап беру, сұрақтар қою.